Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
102-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша бойынша атқару



Ст. 102-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін қаражатты пайдалану үшін жыл сайын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерiнің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды. 

2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерiнің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бекітеді. 

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерiнің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады. 

3. Қаржы жылының ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық түскен кірістер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары нақтыланған және жергілікті қоғамдастық жиналысында келісілген жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін. 

4. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден түсетін ақша есебінен төлемдер ақы төлеуге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі. 

5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы мемлекеттік мекемелер, коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорындар үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алуға құқығы бар. 

6. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерден жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында есепті қаржы жылының аяғына қарай пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспарын нақтылау және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. 

Ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын нақтылау қажетіне қарай ағымдағы қаржы жылы бойы жүргізілуі мүмкін. 

7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған ақша түсімі мен оны жұмсау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 18-тарау 102-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...101 102 102‑1 103 104 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 102-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV