Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 104 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 

2. Кезекті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады. 

3. Жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

104-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджетті түзету арқылы мыналарға: 

1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге; 

2) алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызмет көрсетуді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға; 

4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға; 

5) республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға; 

6) осы Кодекстің 45-бабы 4-2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары қаржыландырылған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының тиісті қаржы жылының соңындағы жылдық сомасынан асып кеткен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына; 

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға; 

8) республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға пайдаланылуы мүмкін. 

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейін қалған жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджетті нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі мүмкін. 

6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...102‑1 103 104 105 105‑1 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 104-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV