Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
117-бап. Қаржылық есептілік



Ст. 117 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Қаржылық есептілік мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді. 

2. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі: 

1) бухгалтерлік балансты; 

2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1) қаржы қызметінің нәтижелері туралы есепті; 

2-2) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есепті; 

3) қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есепті; 

4) түсіндірме жазбаны қамтиды. 

3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігі бастапқы құжаттармен расталады. 

4. Мемлекеттік мекеме барлық операциялардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алынуын жүргізеді. 

5. Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...115 116 117 118 119 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 117-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV