Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 120-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
120-2-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау

1. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
 
2. Бюджет түсімдері облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен көрсетіледі.
Ескерту. 23-тарау 120-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
23-тарауды 120-3-баппен толықтыру көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...120 120‑1 120‑2 121 122 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 120-2-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV