Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 127 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады. 

2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп: 

1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен; 

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады. 

Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады. 

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі. 

Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады; 

3) түсіндірме жазбадан; 

4) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады. 

3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал туралы және салық-бюджет саясатының республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды. 

4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. 

4-1. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады. 

5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Ескерту. 127-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться