Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту



Ст. 130 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды. 

2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат: 

әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын; 

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын; 

мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын; 

әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын; 

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды. 

3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі. 

Ескерту. 130-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...128 129 130 131 131‑1 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 130-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV