Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 131 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Бюджет кодексi
131-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

2. Есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:

1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есептен;

2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;

3) түсіндірме жазбадан тұрады.

Түсіндірме жазба экономикалық ахуал туралы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет баптарының атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге жыл сайын:

1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;

2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.

Ескерту. 131-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...129 130 131 131‑1 132 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 131-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV