Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 134 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады. 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 395-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ


Ескерту. 7-бөлім алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар


Ескерту. 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды
жоспарлау


Ескерту. 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 30-тарау жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...132 133 134 151 152 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 134-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV