Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 154-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады: 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды. 

2. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі. 

Ескерту. 30-тарау 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...153 154 154‑1 154‑2 154‑3 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 154-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV