Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу



Ст. 154-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдауға Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда айқындаған заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тұжырымдамасының негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

2. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар қажет болған жағдайда республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына талдау жүргiзу және оны пысықтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады. 

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды. 

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындайды. 

4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады. 

Ескерту. 30-тарау 154-2-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...154 154‑1 154‑2 154‑3 154‑4 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 154-2-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV