Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу



Ст. 155-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары немесе жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессиялық ұсыныстарға талдау жүргізу және оларды пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады. 

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымның сараптамасы негiзiнде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды. 

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылатын болса, оның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды. 

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады, олардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 155-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Статья 1 ...154‑4 155 155‑1 155‑2 155‑3 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 155-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV