Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 156 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Бюджет кодексi
156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады. 

Мыналар: 

1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде); 

2) бюджет комиссиясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы ұсынысы болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады. 

Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды. 

2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады. 

Мыналар: 

1) келіссөздер хаттамасы (ол болған кезде); 

2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстары; 

3) бюджет комиссиясының мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстары мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады. 

Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...155‑2 155‑3 156 156‑1 157 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 156-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV