Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 157 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
157-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру

1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады. 

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үлгілік жобалар (болған кезде) қолданыла отырып жүзеге асырылады. 

1-1. Үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар инвестициялық ұсыныстарға және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес іске асырылады. 

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

Егер белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге тапсырыс берушінің шешімі бойынша негізді қажеттілік туындаған жағдайда, жобалау алдындағы құжаттаманы (ол болған кезде) түзету талап етілмейді. 

Құрылыс қызметін (жұмыстарды) қаржыландыру мерзімдері жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс. 

Бұл ретте, егер өнім беруші жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды толықтай өз есебінен орындау және төлемақыны жұмыстардың аяқталу фактісі бойынша алу туралы міндеттеме қабылдаған жағдайда, ағымдағы жылы көзделген пайдаланылмаған қаражат тиісті қаржы жылының бюджетіне ауыстырылады. Осы қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. 

Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған қарыз туралы келісім шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыру, егер қарыз шартының талаптарына сәйкес мердігермен азаматтық-құқықтық шартта құнын ұлғайтуды қаржыландыру жөнінде өзгеше талаптар белгіленген болса, азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы түзетпей-ақ мүмкін болады. 

3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады. 

Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады. 

5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді. 

5-1. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жол учаскелерінің сметалық құнын ұлғайтуды қаржыландыруға Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз жол берілмейді. 

6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi. 

Іске асырылуына бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан - республикалық бюджеттен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан жергілікті бюджеттен қаржыландырудың растауы жоқ бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де жол берілмейді. 

7. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi. 

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүргiзедi. 

10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады. 

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады. 

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады. 

Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 

11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Ескерту. 157-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...156 156‑1 157 158 158‑1 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться