Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 158 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру

1. Концессиялық жобалар "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады. 

2. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады. 

3. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады. 

4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. 

Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...156‑1 157 158 158‑1 159 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 158-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV