Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiқабылдауы



Ст. 163 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы: 

1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру; 

2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу; 

3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады. 

2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.

Статья 1 ...161 162 163 164 165 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 163-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV