Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау

Ст. 170 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі: 

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін; 

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынуын көздейді. 

2. Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

3. Алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады. 

Ескерту. 170-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бөлім. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ
36-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 170-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV