Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
189-бап. Шет мемлекеттерді кредиттеудің ерекшеліктері



Ст. 189 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен беріледі. 

2. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредиттер шет мемлекеттер бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа міндетті күш беру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізген жағдайда беріледі. 

3. Шет мемлекетті бюджеттік кредиттеудің тәртібі мен талаптары бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартта белгіленеді. 

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредит бойынша негізгі борыш шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы алдындағы борышын құрайды.

Статья 1 ...187 188 189 190 191 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 189-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV