Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер



Ст. 19 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында құрылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне:

1) төтенше резерв;

1-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

2-1) арнайы резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

4) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді.

3. Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервіне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервті қамтиды.

4. Аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың резервіне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв кіреді.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу, қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдарға ақша бөлу туралы қаулыларымен белгіленетін осы қаулыларды қоспағанда, қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын, тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем шегінде жүзеге асырылады.

Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкіметі кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып, Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді.

Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады.

7. Алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV