Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 192 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
192-бап. Бюджеттік кредитті өтеу

1. Қарыз алушының кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуі бюджеттік кредитті өтеу болып табылады. 

2. Бюджеттік кредиттен қарыз алушылардың кредитормен немесе сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісім бойынша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар. 

Қарыз алушы кредиттік шарттың талаптарын бұзған кезде кредитордың немесе сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма шартына сәйкес кредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы бар. 

Қамтамасыз етілмеген бюджеттік кредит алған қаржы агенттігінің акцияларын сатуға олар бюджеттік кредитті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда жол беріледі. 

2-1. 01.06.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2-2. 31.12.2016 дейін қолданыста болды - ҚР 07.04.2016 № 487-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 2-тармағынан қараңыз).

3. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек пайда болған кезде кредитор немесе сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиттің өтелуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды. 

4. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріліп алынған мүлік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өткізілуге және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады. 

5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар қарыз алушының қаражаты есебінен төленеді. 

6. Бюджеттік кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын өтеу кезінде немесе өтеу есебінен мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредитор талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. 

7. Жергілікті атқарушы органда жоғары тұрған бюджет бөлген бюджеттік кредит бойынша берешек болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы Кодекстің 100-бабының 1 және 2-тармақтарының 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау туралы жазбаша нұсқау береді. 

8. Бюджеттік кредитті өтемеген, өз уақытында өтемеген жағдайда қарыз алушы және түпкі қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады. 

Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 № 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖӘНЕ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫ АУЫСТЫРУ

Статья 1 ...190 191 192 193 194 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться