Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
193-бап. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау



Ст. 193 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Тараптардың келісімі бойынша олардың кредиттік шарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің, қаржылық және өзге де талаптарының өзгеруі бюджеттік кредитті қайта құрылымдау болып табылады. 

2. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушыда қаржылық жағдайды сауықтыру жөнінде жоспар болған кезде қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде қабылданады. 

3. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау: 

1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту; 

2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту; 

3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту; 

4) бюджеттік кредит валютасын өзгерту; 

5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады. 

4. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңесші органның оң қорытындысы болған кезде әрбір кредиттік шарт бойынша кредитордың шешімі негізінде жүзеге асырылады.  

5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау әрі кеткенде бір рет жүзеге асырыла алады. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеделдетілген оңалту рәсімін қолданғанда немесе қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін енгізген кезде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарына сәйкес бір реттен асырмай қайта құрылымдауға рұқсат етіледі. 

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кредиттік шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді. 

Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 193-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV