Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры



Ст. 21 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар немесе оларды өткізуден түскен ақша түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады. 

2. Материалдық емес активтерді, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаржы активтерін және өзге де мүліктерді жинақтау жолымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. 

Материалдық емес активтерді және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қоспағанда, жинақтау функциясы қаржы активтері мен өзге де мүліктің жинақталуын қамтамасыз етеді. 

Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады. 

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. 

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі және жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары бойынша есепке алу мен есептілік ұлттық валютамен жүзеге асырылады. 

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша қаржылық есептілік жасауды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV