Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
210-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу



Ст. 210 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі. 

2. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышының лимитін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. 

3. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс. 

Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...208 209 210 211 212 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 210-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV