Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
213-бап. Мемлекеттік кепілдік



Ст. 213 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. 

2. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі. 

Мемлекеттік емес қарыз сомасы толықтай немесе оның бір бөлігі мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілуі мүмкін. 

3. Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Үкіметі ие болады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын шарттармен және тәртіппен жүзеге асырады. 

Ескерту. 213-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...211 212 213 214 215 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 213-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV