Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 214 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
214-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді шектеу

1. Мемлекеттік кепілдіктер республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін лимит шегінде беріледі. 

1-1. Іске асыру мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобалар және (немесе) инвестициялық бағдарламалар бойынша бас келісімге қол қоя отырып, мемлекеттік кепілдікті транштармен (бөліп-бөліп) беруге жол беріледі. 

Бас келісімді іске асыру үшін кепілдік шарты жасалады не жасалған кепілдік шартына мемлекеттік кепілдіктің бас келісімде айқындалған сомасы шегінде өзгерістер енгізіледі. 

2. Мемлекеттік кепілдіктер жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде берілмейді. 

3. Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылының шегінде ғана пайдаланыла алады. 

Ескерту. 214-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V Заңымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...212 213 214 215 216 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 214-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV