Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 218 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
218-бап. Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

1. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында беріледі. 

Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепілдік шарты болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қарыз алушының векселін авальдандыруға құқылы. 

Осы баптың талаптарына сәйкес келетін құжат қана мемлекеттік кепілдік болып танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарында мемлекеттік кепілдіктің заңдық күші болмайды. 

2. Әрбір инвестициялық жоба және (немесе) инвестициялық бағдарлама бойынша бас келісімге, кепілдік шартына, кепілдік міндеттемесіне, қарыз алушының әрбір міндеттемесі бойынша авальға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды. 

3. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде: 

1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері; 

2) қарыз алушының атауы және тұрған жері; 

3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны; 

4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер; 

5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі; 

6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды адам көрсетіледі. 

4. Кепілдік шартында, кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген шарттар болмаған кезде: 

1) мемлекеттік кепілдік борышкердің қарыз бойынша барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді; 

2) мемлекеттік кепілдік қарыз шартының қолданылу мерзіміне берілді деп саналады. 

5. Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы баптың 2-тармағын бұза отырып, уәкілетті емес тұлға қарыз алушының міндеттемелерін авальдандырған кезде мемлекеттік кепілдік жарамсыз болып саналады. 

Ескерту. 218-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V Заңымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...216 217 218 219 220 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 218-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV