Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 22 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері: 

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер: 

1) мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: 

корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; 

пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер; 

экспортқа рента салығы; 

өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады; 

2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда); 

3) республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден; 

3-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерден; 

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады. 

3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады. 

Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді. 

4. Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады. 

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV