Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
233-бап. Мемлекет кепілгерлігін орындау



Ст. 233 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Кепілгерге міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қарызды өтеу күні басталған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. 

2. Мемлекеттің кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық орынды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін және (немесе) қарыз алушы банкрот деп танылған не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ол таратылған жағдайда, орындалуға жатады. 

Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады. 

3. Егер қарыз алушы төлеу мерзімі өтетін күні мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша міндеттемелерін өтемесе, кепілгер мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға құқылы. Бұл жағдайда кепілгер қарыз алушыға кері талап қояды. 

Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен республикалық бюджетке қайтарылуға жатады. 

Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...231 232 233 234 235 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 233-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV