Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 243-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
243-1-бап. 2014, 2015 қаржы жылдарына арналған бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау ерекшеліктері

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер 2014 қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау кезінде қалыптастырылмайды. 

2015 қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемдері бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды. 

2014 және 2015 қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде стратегиялық жоспарларды әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды әзірлемейді. 

2015 қаржы жылына арналған бюджетті бекіту және нақтылау кезінде бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. 

Ескерту. 48-тарау 243-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...242 243 243‑1 243‑2 243‑3 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 243-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV