Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес



Ст. 25 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші органы болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің функциялары: 

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу; 

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген функциялар болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА


Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...245 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 25-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV