Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы



Ст. 29 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:

функционалдық топтар;

функционалдық кіші топтар;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;

бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).

3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV