Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға: 

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер; 

1-1) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

1-2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер; 

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады. 

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады. 

2-1. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

2-2. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер. 

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңірдің дамуының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асырудың басқа да тәсілі болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттік субсидиялар болып табылады. 

5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар айқындайды. 

6. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

7. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться