Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 39-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Республикалық бюджеттен: 

1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға; 

2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға; 

3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға; 

4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады. 

2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады. 

3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады. 

4. Нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштері бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалады. 

Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады. 

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады. 

5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады. 

6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 6-тарау 39-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39 39‑1 39‑2 40 41 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-2-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV