Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар



Ст. 39 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгілі бір кезеңінде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;

Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

 Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...37 38 39 39-1 39-2 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV