Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
41-1-бап. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар



Ст. 41-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



Осы бапта айқындалған жағдайлар басталған кезде ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу үшін бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінетін республикалық бюджет шығыстары шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар болып табылады.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемі кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстары көлемінің төрт пайызынан аспауға тиіс.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде жоспарланады.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерінің атқарылуы есепті кезеңге арналған бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асып түскен жағдайда, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін жақсарту болжанған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінеді. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылының бюджетінде көзделген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуі, шығыстардың әлеуметтік бағыттылығы, ағымдағы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдері ескеріледі.

Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 Ескерту. 6-тарау 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
7-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Статья 1 ...40 41 41-1 42 43 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV