Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
41-бап. Мемлекеттік тапсырма

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады. 

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып: 

1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының; 

2) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады. 

Монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, қосалқы мердігерлікке беретін мемлекеттік тапсырманың міндетті көлемі айқындалуы мүмкін. 

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелердің көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі. 

Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі қызметін денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорына қолданылмайды. 

4. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

4-1. Мемлекеттік тапсырмаларға: 

1) оны техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша; 

2) қоғамдық сананы жаңғырту, этносаралық қатынастар мен ішкі саяси тұрақтылық, шетелдегі отандастар мен ел ішіндегі қандастарды қолдау, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету салаларындағы; 

3) аэроғарыш қызметі саласындағы; 

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы; 

5) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша;  

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада және паралимпиада комитеттеріне берілетін; 

7) мәдениет және туристік қызмет салаларындағы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы; 

8) білім, ғылым салаларындағы; 

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы; 

10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінің медицина қызметкерлері мен өзге де қызметкерлері үшін оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша; 

11) кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасының су жолдары мен шлюздерін күтіп-ұстау бойынша; 

12) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және дамыту бойынша; 

13) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, сондай-ақ геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша; 

14) ұлттық экономиканың орнықты экономикалық дамуы саласында зерттеулер, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу бойынша; 

15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша; 

16) елді мекендердің құрылыс салынған аумағындағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу бойынша; 

17) жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша; 

18) жалпы мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы құжаттарын әзірлеу және жетілдіру бойынша; 

19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында энергия үнемдеу шеңберінде іс-шаралар өткізу және энергия тиімділігін арттыру бойынша; 

20) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы; 

21) мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды жасау, жаңарту және басып шығару, мемлекеттік геодезиялық желілерді жасау, дамыту және жұмыс жағдайында ұстау, техникалық жобаларды жасау, Ұлттық кеңістіктік деректер қорын қалыптастыру және жүргізу, Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жасау және дамыту бойынша; 

22) әлеуметтік-еңбек саласындағы; 

23) мұнай және газ конденсатын есепке алу, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы өндірістік көрсеткіштерінің диспетчерлік қызметтерін көрсету бойынша; 

24) көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы; 

25) халықтың көші-қоны саласындағы; 

26) мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісуі бойынша өзге де міндеттерді орындау бойынша; 

27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін. 

Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңінен түсіндірілуге жатпайды. 

4-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуге тиіс: 

1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы; 

2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау; 

3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы; 

4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі. 

Мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген белгілерге сай келмейтін тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосуға тыйым салынады. Осы тармақты бұза отырып жасалған мәмілелерді мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. 

5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2017 № 65-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39‑3 40 41 41‑1 42 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться