Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары

1. Бюджетаралық қатынастар: 

1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында: 

трансферттермен; 

бюджеттiк кредиттермен; 

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында: 

трансферттермен; 

бюджеттiк кредиттермен; 

кiрiстердi бөлу нормативтерiмен; 

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында: 

трансферттермен; 

бюджеттік кредиттермен реттеледі. 

2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi. 

3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады. 

Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі. 

4. Нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей міндетті түрде қайтарылуға жатады. 

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн. 

Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн. 

6. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үнемдеудің тиісті сомасын ағымдағы қаржы жылының соңына дейін жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы. 

7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының соңына дейін қайтарылуға жатады. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. 

8. Өткен қаржы жылында республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген, ағымдағы нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған сомалары жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен қайтару сомалары, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. 

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться