Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер

1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады. 

2. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады. 

3. Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады. 

4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі: 

Қазақстан Республикасының заңымен - республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің арасында; 

облыстық мәслихаттың шешімімен – облыстық бюджет пен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасында; 

аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге абсолюттік мәнде белгіленеді. 

Сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады. 

Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін өзгертуге жол берілмейді. 

4.1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі. 

Шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.  

Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады. 

4-2. Бюджетті атқару барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша шығыстардың басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы. 

Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады. 

Жергілікті атқарушы органдар шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. 

6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі. 

7. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. 

Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды. 

8. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қою белгіленеді. 

Жергілікті бюджет шығындардың болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді. 

9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі. 

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептейді. 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді. 

9-1. Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері кірістерінің болжамын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды. 

Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын сырғымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды. 

9-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемдері:  

1) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша нақтыланған жоспар ескерілген ағымдағы шығындардың көлемдері; 

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған ағымдағы шығындардың болжамды көлемі; 

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес қалыптастырылатын көрсеткіштер мен коэффициенттер жөніндегі ақпарат; 

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары ұсынатын, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары шығындарының болжамы жөніндегі ақпарат ескеріле отырып айқындалады. 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары жөніндегі қорытындының жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады. 

Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарына берілетін ақпараттың негізділігі, анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жауапты болады. 

Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қабылданған көрсеткіштерге, жергілікті бюджеттің базасына енгізілген нысаналы трансферттерге және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең аз көлемдеріне бюджеттік мониторингті қамтамасыз етеді.  

Тиісті салалардың (аялардың) орталық уәкілетті органдары тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік мониторингтің нәтижелерін жылдың қорытындылары бойынша жібереді. 

Бюджеттік мониторингті жүргізу және тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады. 

10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің есеп-қисабы кезінде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерілмейді. 

11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться