Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 49 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Бюджет кодексi
49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:

1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;

2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;

4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;

5) ойын бизнесі салығы;

6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;

7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;

8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;

9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;

10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;

11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;

12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;

13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;

14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;

15) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;

16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

18) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;

20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

23) алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
РҚАО-ның ескертпесі!
24) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;

25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;

26) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар;

27) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары;

27-1) осы тармақтың 25), 26) және 27) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер;

28) консулдық алым;

29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж;

30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;

31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;

37) халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;

37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;

38) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;

39) азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым;

40) микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым;

41) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.

2. Мыналар:

1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:

республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;

республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;

республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;

екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;

республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;

республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

4-1) мүлікті жария еткені үшін алым;

5) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

4. Мыналар:

1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.

5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жатқызылады.

Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2014 № 214-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 49-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV