Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 50 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар: 

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 

1-1) 01.01.2024 дейін қолданылды - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен;

1-2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы; 

2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 

3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы; 

4) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алып тасталды – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

7-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым; 

7-2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

8-1) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

8-2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады. 

9) алып тасталды – ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Мыналар: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері; 

облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер; 

облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер; 

облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер; 

облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар; 

облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер; 

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер; 

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу; 

4-1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары; 

4-2) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша объектілер операторларынан алынған қаражат; 

4-3) мұнай секторы ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұл, санкциялар, өндіріп алулар; 

5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады. 

3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

4. Мыналар: 

1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден трансферттер; 

2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады. 

5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне жазылады. 

Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...48 49 50 51 52 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться