Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін түсімдер



Ст. 51 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мыналар: 

1) жеке табыс салығы; 

2) әлеуметтік салық; 

3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық; 

4) жер салығы; 

5) бірыңғай жер салығы; 

6) көлік құралдарына салық; 

7) тіркелген салық; 

8) мыналарға: 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; 

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа); 

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер; 

9) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы; 

12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

15) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; 

16) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

17) аукциондардан алым; 

18) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж; 

20) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады. 

2. Мыналар: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер; 

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер; 

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу; 

4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары; 

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады. 

3. Мыналар: 

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады. 

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады. 

Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...49 50 51 52 52-1 ...245 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 51-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV