Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
54-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары

1. Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар: 

облыстық деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі; 

әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу; 

облыс деңгейінде мемлекеттік жоспарлау; 

облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; 

облыстық коммуналдық меншікті басқару; 

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: 

облыстың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс; 

облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 

облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс іс-шаралары; 

облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру; 

жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою; 

ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі; 

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу, шетелдіктермен жұмыс мәселелері және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет; 

уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi; 

мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауға ақы төлеуді қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету; 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесіне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу; 

3) білім беру: 

аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы), аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардағы аудандарында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету; 

кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;  

мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу; 

облыстық, аудандық (қалалық) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру; 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау; 

арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша балаларды оқыту; 

мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту; 

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім; 

облыстық, аудандық (қалалық) ауқымдардағы мектеп олимпиадаларын өткізу; 

жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; 

сайлау процесіне қатысушыларды оқыту; 

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарау және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету; 

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу; 

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен облыстарда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары білім алушыларының және аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру; 

әдістемелік жұмыс; 

кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі; 

мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету; 

ауылдық жерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру; 

4) денсаулық сақтау: 

облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау; 

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету; 

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету; 

республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар; 

5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, қарттарды және, мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру; 

жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру; 

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: 

елді мекендерді газдандыру; 

облыстық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар; 

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік: 

жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау; 

мәдени-демалыс жұмысын қолдау; 

мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу; 

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету; 

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы; 

облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткізу; 

мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі; 

жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу; 

жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету; 

облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу; 

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 

облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу; 

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда олардың жұмыс істеуіне байланысты инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салу; 

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары: 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу; 

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу; 

бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді залалсыздандыру; 

коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

суды қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулерін белгілеу; 

облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру; 

облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау; 

ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру; 

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау; 

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу; 

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу; 

II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру; 

жануарлар дүниесін қорғау; 

облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу; 

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу; 

инновациялық тәжірибені тарату және қолданысқа енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу; 

мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау; 

ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; 

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелелеріне өтеу; 

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі: 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру; 

9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру: 

облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу; 

10) көлік және коммуникациялар: 

әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық), сондай-ақ қала маңындағы темір жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; 

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау; 

11) экономикалық қызметті реттеу: 

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру; 

инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау; 

әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

12) өзге де бағыттар: 

аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге трансферттер; 

республикалық бюджетке трансферттер; 

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу; 

тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қоса алғанда, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау; 

мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу. 

2. Сонымен катар, облыстық бюджеттерден: 

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға; 

2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметіне және қызмет түрлерінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады. 

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді. 

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады. 

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады. 

Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...52‑4 53 54 55 56 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться