Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 55 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары

1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар: 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының жұмыс істеуі; 

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жоспарлау; 

республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігін басқару; 

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу; 

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: 

республикалық маңызы қалалардың, астананың аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қоса алғанда, оларды қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру; 

жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою; 

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 

қалалық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс іс-шаралары; 

уақытша ұстау изоляторларының, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi; 

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

ішкі істер органдарының айдауылмен алып жүруі; 

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелері, шетелдіктермен жұмыс және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі қызмет; 

мемлекеттік нөмір белгілерін, жүргізуші куәліктерінің бланкілерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бланкілерін дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету; 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының көрсетілетін коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу; 

3) білім беру: 

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 

оқудың кешкі (ауысымдық), оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын нысанын қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру; 

арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру; 

мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту; 

республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткізу; 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау; 

жергілікті деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; 

сайлау процесіне қатысушыларды оқыту; 

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету; 

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу; 

балалар үшін қосымша білім беру; 

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу; 

мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету; 

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру; 

кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуі; 

4) денсаулық сақтау: 

республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қосымша қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес вакциналарды, иммундық-биологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу және сақтау; 

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету; 

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету; 

республикалық бюджеттен және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да іс-шаралар; 

5) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: 

тұрғын үй көмегі; 

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру; 

қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру; 

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; 

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек; 

жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру; 

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру; 

тұрғын үй қорын түгендеу; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығы үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару; 

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, оның ішінде сумен жабдықтаудың, тазарту, сорғыту жүйелерінің, кәріздік, оның ішінде кәріздік сорғы станцияларының, жылу мен электр желілерінің тарату желілерін құру және реконструкциялау; 

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; 

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу; 

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; 

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; 

елді мекендерді газдандыру; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар; 

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу; 

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік: 

жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау; 

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету; 

мәдени-демалыс жұмысын қолдау; 

мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу; 

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

жергілікті деңгейде спорттық жарыстар өткізу; 

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы; 

мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі; 

жергілікті деңгейде туристік қызметті реттеу; 

жергілікті маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету; 

қалалық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу; 

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу; 

шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру; 

8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары: 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу; 

ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу; 

бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді залалсыздандыру; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау; 

су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау белдеулері мен аймақтарын белгілеу; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерін қалпына келтіру; 

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау; 

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу; 

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу; 

II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру; 

республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу; 

елді мекендерді жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру; 

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу; 

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі: 

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ұйымдастыру; 

9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру: 

жергілікті деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу; 

10) көлік және коммуникациялар: 

әлеуметтік маңызы бар қалалық және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру; 

қалалардың көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оның ішінде автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу; 

11) экономикалық қызметті реттеу: 

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру; 

инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау; 

әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

12) басқа да бағыттар: 

республикалық бюджетке трансферттер; 

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу; 

жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау; 

мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу. 

2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен: 

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шығыстарына; 

2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады. 

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді. 

4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады. 

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері қысқартылған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат мөлшері республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарда тиісті және кейінгі жылдарға сақталады. 

5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделеді: 

1) қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі; 

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру; 

3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 291-VІ Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);

4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; 

5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; 

7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу; 

8) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; 

9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; 

10) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтерді іске асыру, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру; 

11) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; 

12) тұрғын үй көмегі; 

13) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; 

14) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру; 

15) мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру; 

16) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 

17) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 

18) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек; 

19) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру; 

20) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету; 

21) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтау мен жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту; 

22) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу; 

23) тұрғын үй қорын түгендеу; 

24) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру. 

Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...53 54 55 56 56‑1 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться