Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 56 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Бюджет кодексi
56-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары

Ескерту. 56-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар: 

аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі; 

аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;  

аудандық (қалалық) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; 

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу; 

аудандық (қалалық) деңгейдегі коммуналдық меншікті басқару; 

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: 

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру; 

жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою; 

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету; 

3) білім беру: 

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; 

кешкі (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру; 

аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткізу; 

мектепалды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу; 

балалар үшін қосымша білім беру; 

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету; 

оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру; 

4) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: 

тұрғын үй көмегі; 

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету; 

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну; 

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу; 

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; 

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; 

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек; 

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар; 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру; 

тұрғын үй қорын түгендеу; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу; 

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу; 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар; 

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау; 

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; 

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу; 

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; 

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; 

6) мәдениет және спорт: 

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау; 

аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі; 

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту; 

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу; 

облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы; 

мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі; 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу; 

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу; 

7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары: 

мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) жасау, күтіп-ұстау; 

ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру; 

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу; 

8) көлік және коммуникациялар: 

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау; 

темір жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; 

8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру: 

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу; 

9) экономикалық қызметті реттеу: 

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; 

10) өзге де бағыттар: 

облыстық бюджетке трансферттер; 

РҚАО-ның ескертпесі!

10) тармақшаның үшінші абзацының осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын редакциясын ҚР 04.12.2008 Бюджет кодексінің 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін трансферттер; 

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу; 

тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау; 

мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу. 

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен: 

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға; 

2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады. 

3. Тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауды қоспағанда, осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді. 

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақтың осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын редакциясын ҚР 04.12.2008 Бюджет кодексінің 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

5. Облыстық маңызы бар қала бюджеті құрамында қаладағы ауданның шығыстары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: 

1) облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімі аппаратының жұмыс істеуі; 

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру; 

3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; 

4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету; 

5) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; 

6) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

7) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру; 

8) жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау; 

9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру; 

10) қоғамдық жұмысты, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру; 

11) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; 

12) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу; 

13) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру; 

14) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру; 

15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттар. 

Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 369-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары 

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі; 

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру; 

3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; 

4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 

5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру; 

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; 

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; 

8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру; 

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; 

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу; 

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; 

12) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру; 

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау; 

14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау; 

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру; 

16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; 

17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу; 

18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру; 

19) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер. 

2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен: 

1) мемлекеттік қызметтерді көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына; 

2) бюджеттік инвестициялық жобаларға; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар да қаржыландырылады. 

3. Осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді. 

4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады. 

Ескерту. 9-тарау 56-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-тарау. БЮДЖЕТТІК КОМИССИЯЛАР

Статья 1 ...54 55 56 56‑1 57 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV