Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 57 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы әрі сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 

2. Республикалық бюджеттік комиссия, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік комиссиялары (бұдан әрі – ведомстволық бюджеттік комиссиялар) өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. 

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. 

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды. 

5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады. 

6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ведомстволық бюджеттік комиссияларды құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды. 

Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...56 56‑1 57 58 59 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться