Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
67-бап. Бюджеттік өтінім



Ст. 67 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады. 

1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің, жаңа бастамаларға арналған лимиттердің негізінде және шегінде жасалады. 

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді. 

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады. 

4. Мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады. 

5. Жаңа бастамалар шығыстарына: 

кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға; 

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады. 

6. Бюджеттік өтінімге: 

1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар; 

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат; 

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат; 

4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы; 

4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп; 

5) түсіндірме жазба; 

6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді. 

7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі. 

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды. 

Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады. 

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба: 

1) есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; 

2) ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын; 

3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; 

4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; 

5) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын; 

6) бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтиды. 

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтаруға міндетті. 

11. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. 

12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  

Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қордың, ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...65-1 66 67 68 69 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 67-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV