Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 70 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.05.2018

ҚР Бюджет кодексi
70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармаққақа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс. 

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және бекітеді. 

Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV