Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 73 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
73-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

Ескерту. 73-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады. 

3. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған: 

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі; 

2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі; 

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке 3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттік алып қоюлардың көлемі; 

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері; 

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс. 

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасына: 

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасы қоса беріледі. 

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады. 

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі; 

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі; 

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі; 

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін қолданыста болатын редакциясын ҚР 04.12.2008 Бюджет кодексінің 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

4) қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары; 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақша ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап алып тасталды.

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаны халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі; 

5) басқа да деректер қоса беріледі. 

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі. 

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады. 

7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын талқылауды өткізеді. 

Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу 

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсынады. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірілмей аяқталады. 

3. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарымен бірлесіп әзірлейді және онда кезекті қаржы жылына арналған: 

1) кірістердің, трансферттер түсімінің, шығындардың, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджеттер тапшылығының (профицитінің), бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері; 

2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері; 

3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері; 

4) өзге де ережелер қамтылуға тиіс. 

4. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасына әрбір жергілікті бюджет бойынша: 

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттің жобасы қоса беріледі. 

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады. 

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі; 

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі; 

3) басқа да деректер қоса беріледі. 

5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің кезекті қаржы жылына арналған бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі. 

6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясы мақұлдаған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей, жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынады. 

Ескерту. 12-тарау 73-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ
ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Статья 1 ...71 72 73 73‑1 74 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 73-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV