Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 75 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді. 

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды: 

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын; 

2) алынып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын; 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың төртінші бөлігін 2-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде мыналарды: 

есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; 

ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын; 

жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; 

бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын; 

бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады. 

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекітеді. 

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекітеді. 

3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы немесе шешім шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді. 

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. 

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді. 

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. 

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы аудандық (қалалық) мәслихаттар шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күннің ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады. 

6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...73‑1 74 75 76 77 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 75-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV