Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу



Ст. 81 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.

3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:

1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;

2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.

5. Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

 Ескерту. 81-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
4-бөлім. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ 15-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...79 80 81 82 83 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 81-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV