Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер



Ст. 82 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. 

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді. 

3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. 

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. 

5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. 

6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады. 

Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді. 

7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі. 

8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

РҚАО-ның ескертпесі!

83-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, бюджеттің атқарылуы


Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. 

Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.

16-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУ ПРОЦЕСІ


Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 82-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV